Садақ атудан әлем кубогында қазақстандық мерген қыздар іріктеуден өте алмады

АСТАНА. KAZINFORM – Түркияның Анталья қаласында өткен садақ атудан Олимпиадаға соңғы іріктеу сынында қазақстандық мерген қыздар жарысты орта жолдан аяқтады. 

Фото: Olympic.kz

Жекелей сында екі отандасымыз 1/8 айналымға жеткенімен, ары қарай жүлделі орынға таласа алмады. 

Алина Ілиясова словакиялық Дениса Баранковаға 4:6 есебімен есе жіберсе, Елизавета Авдеева ирандық Мобинья Фалладан 2:6 есебімен жеңіліп қалды. 

Айта кетсек, садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасында бақ сынайды.