Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аралас жұптық сында Андрей Тютюн мен Ольга Неживых қола медаль жеңіп алған. Сондай-ақ жасөспірім қыздар арасындағы командалық жарыста Ольга Неживых, Анастасия Ершова мен Камилла Ғазизова үздік үштікке енді.
Азия біріншілігі әлі жалғасып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін стенд атудан Азия кубогында Қазақстан командасы 5 алтын медаль жеңіп алғанын жазған едік.