Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, құрама сапынан Бунед Мирзаметов, Андрей Тютюн және Мұса Ділмұхамет блоктық садақ атудан командалық жарыста сынға түсіп, алтын медаль жеңіп алды.
Финалда отандастарымыз Үндістан құрамасынан 230-229 есебімен басым түсті. Ал Оңтүстік Корея құрамасы жүлделі үшінші орынды місе тұтты.
Еске салсақ, осыған дейін нысана көздеуден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола медаль алғанын жазған едік.