Садақ атудан Испаниядағы Әлем кубогына қатысатын қазақстандықтар анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы садақ атудан Испанияның Мадрид қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Фото: ҰОК

Алдағы жарысқа қатысушылар тізімін халықаралық World Archery федерациясы жариялады.

Қазақстан құрамасының тізімі төмендегідей.

Классикалық садақ ату: Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин, Дастан Каримов, Дәулеткелді Жаңбырбай, Медина Мұрат, Алина Тимралиева, Александра Землянова, Самира Жұмағұлова.

Блоктық садақ ату: Ақбарәлі Қарабаев, Бунед Мирзаметов, Мұса Ділмұхамет, Андрей Тютюн, Виктория Лян, Диана Юнусова, Роксана Юнусова, Адель Жексенбинова.

Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 7-12 шілде аралығында өтеді.

Осыдан бұрын садақшы Дәулеткелді Жаңбырбай Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінде 13-орын алғанын жазғанбыз.