Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, спортшылар турнир барысында 14 жолдамаға таласады.
Шешуші сайысқа садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы қатысады. Атап айтар болсақ, Алина Ілиясова, Диана Тұрсынбек және Елизавета Авдеевалар өз мүмкіндіктерін сынап көреді.
Іріктеу турнирі 13-17 маусым аралығына жоспарланған.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы садақ атудан Азия кубогында жүлдегер атанғанын жазған едік.