10 облыс сынға түскен бәсекеде 4 өңірдің өкілдері алтын жүлдеге талас жүргізеді.
Финалистер саны:
Жетісу облысы - 8 спортшы
Шымкент қаласы - 5
БҚО - 4
Ақмола облысы - 3
Алматы облысы - 3
Астана қ. - 1
Жеке сайыстың финалдары 31 шілде күні күні өтеді және Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ал ертең командалық пен аралас жұптық сында жеңімпаздар анықталады.
Жарысқа еліміздің түрлі өңірлерінен 250-ден астам спортшы, оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері қатысып жатқанын жазған едік.