Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогіне қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогінің ІІ кезеңіне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Садақ атудан Азия кубогінің екінші кезеңі 6-11 мамыр күндері Ирактың Слуеймания қаласында өтеді.

Аталған додаға Қазақстан құрамасынан қатысатын спортшылар:

Сергей Христич

Айжан Сейдахметова

Владислав Магжанов

Луиза Сайдиева

Назерке Тұрсынғалиева

Елизавета Авдеева

Эльмира Раисова

Адель Жексенбаева

Шамиль Сагутдинов

Бунед Мирзаметов

Виктория Лян