Садақ атудан қазақстандық мерген А.Баннова Олимпиадада жарысын аяқтады
16:23, 30 Шілде 2012
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Садақ атудан қазақстандық спортшы Анастасия Баннова Лондонда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жарыстардың келесі кезеңіне өте алмады.
Бұл туралы Vesti.kz сайтында хабарланды.
Орал қаласының 23 жастағы спортшысы 1/32 финалда Мексика өкілі Аида Романнан 2:6 есебімен жеңіліс тапты.