Саддам Хусейн есімді хакер Чили Қорғаныс министрлігінің сайтына шабуыл жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы атынан хакерлер кеше Чили Республикасының Қорғаныс министрлігі сайтын бұзып кірді, деп хабарлайды ТАСС.

Өзіне Саддам Хусейн деген ат қойған хакер ағылшын тілінде «сайттың қорғанысы әлсіз» деген жазба қалдырған. «Біз «Ислам мемлекетіненбіз» бізді ұмытпа» деген де жазба бар.

Хакерлер шабуылынан кейін Чили Қорғаныс министрлігінің сайты әлі жөнделген жоқ.