Алдын ала болжам бойынша, мұражай 2016 жылғы қыркүйекте ашылады және Ирак тарихының түрлі кезеңдерінен 3,5-тен 4 мыңға дейін экспонаттарды қамтитын болады. Инвесторлардың жобаға $3,5 млн. жұмсайтыны хабарланды.
Бұл соңғы жылдары елде ашылатын алғашқы мұражай, деп жазды басылым. Ирактың ресми тұлғалары мекеме Ирактың көлемі жағынан екінші Басра портты қаласының мәдени жаңғыруының символы болады деп үміттенеді.
Ертеректе Бағдадта Хусейн мұражайын ашу жоспарланған еді.