Өзін Абдулла ибн Ахмад әл Арабия деп таныстырған белгісіз мемлекеттің азаматы ауған-тәжік шекарасын кесіп өтіп, тәжік билігі тарапынан саяси баспана сұраған. «Ешқандай да құжаты жоқ азамат өзін Ирактың бұрынғы президенті Саддам Хусейннің туысымен деп санайды және Ирактың бүгінгі билігі тарапынан оның ізіне түсуін негізге алып, саяси баспана сұрайды», - делінген хабарламада.
Дегенмен, ақпаратта аталған азамат Ирак экс-президентінің қандай туысы екендігі айтылмайды. Тәжікстан Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, шекараны кесіп өткен ол азамат 1967 жылы туған, парсы және араб тілдерінде жақсы сөйлейді.
«Тәжікстан ІІМ аталған азаматтан алынған мәліметтерді тексеруде, және тексеру нәтижелері бойынша саяси баспана беру немесе одан бас тарту туралы түпкілікті шешім шығармақ», - делінген таратылған ақпаратта.
Еске сала кетейік, Ирак президенті С.Хусейн мемлекетті 1979 жылдан 2003 жылға дейін басқарған болатын. Ол Ирактың Жоғарғы қылмыстық трибуналының шешімімен 2006 жылдың 30 желтоқсанында дарға асылған.