Айта кеткен жөн, журналист-жазушы Сәдібек Түгел елорданың алғашқы қалыптасу тарихынан бастап, күні бүгінге дейінгі 20 жылдан астам шежіресін бірнеше кітаптарына арқау еткен.
Кездесу барысында жастарға үлгі көрсету мақсатында аға буын қаламгерлердің өмірлік естеліктері айтылды, ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің сайлауалды тұғырнамасы кеңінен түсіндірілді.
Еске сала кетейік, 9 маусым күні ҚР Президентінің сайлауы өтеді. Сайлауға ресми тіркелген 7 кандидат бүгінде сайлауалды насихат жұмыстарымен айналысуда.
Авторы: Әлихан Асқар