Садыр Жапаров Azerbaijan Airlines ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Фото: Фото: kabar.kg

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғыз Республикасының Президенті Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке жеделхат жолдады, деп хабарлайды Kazinform Kabar.kg-ға сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке әзрбайжан жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

— Бүгін Әзербайжан жолаушылар ұшағының қайғылы апатқа ұшырауын, соның салдарынан көптеген адам шығыны туралы жүрегімдегі ауыр сезіммен білдім. Қырғыз Республикасы халқының атынан және жеке өз атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын және осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Мен орны толмас қазаның қайғысына ортақпын, — делінген Қырғыз мемлекеті басшысының жеделхатында.

Еске сала кетсек, Баку- Грозный J2-8243 нөмірлі рейсін орындаған Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласынан 3 шақырым жерде апатты жағдайда қонды.

Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды.

Апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болды.

ҚР Көлік министрлігі мәлім еткендей, Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

ҚР Президентінің тапсырмасымен Мемлекеттік комиссия құрылды

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Ақтауда Баку-Грозный рейсінде болған ұшақ апатынан зардап шеккендер туралы ақпаратты жаңартты

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге телефон соқты. Президент Ильхам Әлиев телефон арқылы сөйлесу барысында AZAL жолаушылар ұшағының Ақтауда апатқа ұшырауына байланысты Санкт-Петербургте өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне қатыса алмайтынын айтты.

Әлиев Ақтаудағы ұшақ апаты салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

Сондай-ақ Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров Ақтау түбінде болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Kazinform үшін арнайы Кabar.kg серіктес агенттігі ұсынған.