БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкекте Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Әбілқайыр Сқақовтың сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі Қырғызстан Республикасы президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Тараптар ресми сенім грамоталарын тапсырудан кейін өткен кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, отын-энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, шекара инфрақұрылымын жетілдіру және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелерін талқылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және бауырлас қазақ халқын Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтағанын жаздық.
Қазақстан Қырғызстанның ШЫҰ-дағы бастамаларын қолдауға дайын.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.