Садыр Жапаровтың Жапонияға алғашқы ресми сапары басталды

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Токио орталығындағы Император сарайына келді. Онда ол Жапония императорымен кездесті, деп хабарлайды Kazinform Қырғыз Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фото: instagram.com/kyrgyzpresident

Сарайға кіре берісте Қырғыз президенті Садыр Жапаров пен жұбайы Айгүл Жапарованы император Нарухито мен оның жұбайы Масако қарсы алды. Өзара сәлемдесуден кейін олар келіссөздер бөлмесіне өтті. 

Нарухито Садыр Жапаровпен әңгіме барысында оның Жапонияға сапары қырғыз-жапон қарым-қатынасының барлық саласына оң әсер ететініне сенім білдірді. Қырғыз басшысы қонақжайлылық үшін алғыс айта отырып, Жапонияның Қырғыз Республикасы үшін достас, тарихи дәстүрге бай және көне мәдениеті бар ел екенін атап өтті.

Жапаров императорға құрметін білдіріп, жаңа «РЭЙВА» дәуірінде гүлдену мен өркендеу тіледі.