Бұл туралы боксшы Instagram-да жазып, жаттығу кезіндегі видеомен бөлісті.
«Желтоқсандағы жекпе-жекке дайындалып жатырмыз, жаттығу қарқынды әрі сәтті өтуде», - деді ол.
Садриддиннің соңғы жекпе-жегі былтыр 7 желтоқсанда Монреалда (Канада) өткен болатын. Ол жетінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) нокаутқа жіберген еді. Қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі жұмысын канадалық Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы жүргізеді.