Садриддин Ахмедовтың салмағы - 158 фунт, ал оның қарсыласы, мексикалық Даниэль Вега Кота (14-3-1, 11 КО) таразыда 157 фунт тартты. Алғашқы орта салмақтағы лимит - 154 фунт, бірақ титулдық емес айқас кезінде салмақтың артық-кемдігі ештеңе етпейді.
Нұрзат Сабыровтың жекпе-жек алдындағы салмағы - 169,8 фунт. Мажарстандық боксшы Ласло Тот (7-0, 6 КО) 169 фунт шықты. Суперорта салмақтағы лимит - 168 фунт. Дегенмен, мұнда да титулдық жекпе-жек болмағандықтан, салмақ асып кетіп немесе кем түссе, оған мән берілмейді.