«Садриддин WBC рейтингінде 10 позицияға жоғарылады. Стивен Даньомен болған айқастағы жеңісінен кейін ол 17-орынға көтеріліп, ТОП-15-ке және үлкен жекпе-жектерге жақындай түсті. Алдарыңа үлкен мақсаттар қойып, оған жету жолында тоқтамаңыздар!», - деп жазылған С.Ахмедовтің промоутерлік компаниясы Eye Of The Tiger Management-тің Instagram-аккаунтында.
Еске салайық, қазақстандық боксшы Стивен Даньоны (17-4-3, 6 КО) жеңгеннен кейін үш өңірлік чемпиондық белдікке қол жеткізді — WBA Continental, NABF және WBC Francophone.
Сондай-ақ С.Ахмедов болашақта толыққанды чемпиондық атақ үшін жекпе-жекке шығуды жоспарлап отырғанын айтты.