АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0, 13 КО) алдағы жекпе-жегі қай күні өтетіні белгілі белгіленді.
Ол 19 сәуірде Лос-Анджелес (АҚШ) қаласында мексикалық Элиас Эспадеспен (23-6, 16 КО) қолғап түйістіреді.
Садриддин Ахмедов 1998 жылы қазіргі Түркістан облысы Жетісай қаласында дүниеге келген. Әуесқой бокста 2016 жылы жастар арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алған.
2017 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап келеді.
Былғары қолғап шебері бұдан бұрын Рафаэль Игбоквені жеңген еді.
Санта-Инезде (АҚШ) өткен Hollywood Fight Nights бокс кешінде отандасымыз америкалық боксшы Рафаэль Игбоквемен (17-6, 7 КО) қолғап түйістірді. Он раундқа жоспарланған жекпе-жекте Садриддин жетінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.