Таза ауада демалудың ерекше үлгісін қалыптастырған кезекті шара 18 қыркүйекке жоспарланған. Алматыдағы гольф клубтардың бірінде өтетін шараға «Ashyq» арқылы кіруге болатыны алдын ала хабарланды.
Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматы қаласында жаппай іс -шара өткізуге тыйым салынғанын атап өтті.
«Бұл шараның алдын алу үшін мониторинг тобы жіберіліп, жолға патрульдік полиция көлігі қойылды», - деді Сәдуақас Байғабұлов.
15:52, 14 Қыркүйек 2021
Сәдуақас Байғабұлов Алматыда жаппай іс -шара өткізуге тыйым салынғанын ескертті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Esquire журналының табиғат аясындағы дәстүрлі мерекесінің алдын алу бойынша шаралар қабылданады. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.