АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов онлайн брифинг барысында WhatsApp мессенджерінде тарған №4 перзентхана қызметкері вакцинациядан кейін қайтыс болды деген видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл дерек бойынша комиссия құрылды, кешенді тексеру жүргізілуде. Оған жан-жақты баға беретін сарапшылар тартылды. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша бұл іске объективті баға беріледі», - деп жауап берді спикер брифинг барысында.
WhatsApp мессенджерінде тарған видеода №4 перзентхана қызметкері вакцинациядан кейін қайтыс болғаны туралы айтылады.
Бұған дейін, ол Алматыда жыл басынан бері карантин тәртібін бұзған 3018 адамға 202 млн теңге көлемінде айыппұл салынғанын
айтқан болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.