Садықовқа бір сауал немесе арандатушыларды қатаң жазалау керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 қазан күні, кешкілік Киевте тұратын қазақстандық оппозицияның өкілі Айдос Садықов «Facebook»-тегі парақшасында атыраулық белсенділер - Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісіне қатысты айыптау қорытындысын жариялады.

Сонау Украинада тұратын Садықовтың қолына бұл құжаттың қалай түскені жұмбақ. Ол туралы бір ауыз да тіс жармаған Айдос тұжырымның алдында мынадай пікірін жазады: «КНБ считает что Макс и Талгат - "..совершили уголовные правонарушения против мира и безопасности человечества..."ОБВИНИТЕЛЬНОЕ ЗАКЛЮЧЕНИЕ ПО ДЕЛУ МАКСА БОКАЕВА И ТАЛГАТА АЯНА. Судя по заключению следствие вернулось к версии связи с Тулешевым, однако с пивником связывают только Талгата Аяна. В ранее выложенных протоколах допроса, вы видели что Талгата оговорили, два предателя из Алматы и Семея, Кибраев и Есильбаева, двое подневольных работника из пивзавода Тулешева и сам несостоявшийся вице - президент РК. Сам Талгат Аян никаких показании не давал, отказался от дачи показании, Макс Бокаев сделал тоже самое. Поэтому все что придумало КНБ строится лишь на надуманных и сфабрикованных уликах. От Макса и Талгата они не добились ничего, ни признании, ни даже показании, раскаиваться и просить прощение, они тем более категорически отказались».

Алайда айыптау қорытындысын оқып отырып, көп нәрсеге көз жеткізесің. Құжатта күдіктілер М. Боқаев пен Т. Аянның ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде қандай қылмыстар жасағаны анық айтылады. Айдос Садықов өз парақшасында әуелі актінің 6 бетін салып, қалғандарын түсініктемеде жариялапты. Оқырмандар оқиғалардың желісін дұрыс түсінуі үшін айыптау қорытындысын бір шолып шығайық. Тергеудің нұсқасы бойынша, 2003 жылдан бері «Арлан» қоғамдық қорын басқарып, белсенді қоғамдық қызметпен айналысқан Макс Боқаев атыраулық қоғам белсендісі Талғат Аянмен тығыз байланыста болған. Өз кезегінде қоғамдық қызметпен айналысуына орай Т. Аян Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, кәсіпкер Т. Төлешовтің назарына ілігеді. Билікті күшпен басып алуға бағытталған іс-қимылдарын жүзеге асыра отырып, шымкенттік кәсіпкер 2015 жылдың желтоқсан айында өзінің қарамағындағы адамдары Н.Б. Досанбаев және О. Е. Бекбауов арқылы Аянға Төлешовтің мүддесіне орай қарсылық акцияларын ұйымдастыруға және өткізуге 100 000 АҚШ долларын беріп жібереді. 2016 жылдың көктемінде Боқаев пен Аян жер заңнамасындағы өзгерістерге қоғамның қызығушылығы артқанын пайдаланып, жеке басының мүддесі үшін, яғни, қоғамдық-саяси танымалдығын арттырып, «саяси ұпай» жинау үшін, ал Аян пайдакүнемдік қызығушылығы мақсатында Төлешовтен алған ақшаға «жер мәселесі» бойынша қоғамдық-саяси акция өткізуге шешім қабылдайды.

Ортақ қылмыстық пиғылын іске асыра отырып, М. Боқаев алдын-ала Т. Аянмен сөз байласып, әлеуметтік алауыздықты қоздыру, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыру, қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтардың, ұйымдардың және заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіру жолымен 2016 жылы 14 сәуірде Атырау қаласының әкімдігіне 24 сәуір күні Исатай-Махамбет атындағы алаңда шеру өткізуге өтініш береді. Жер заңнамасындағы жерді шетелдіктерге жалға беру мерзімінің ұзаруы халықтың назарын аудармауы мүмкіндігін ескеріп, сол күні Макс пен Талғат «Facebook»-тегі жеке парақшаларына және «Гражданская инициатива Атырау - Азаматтық бастамасы Атырау» тобына ел билігі ауыл шаруашылығындағы жерлерді шетел компаниялары мен азаматтарының меншігіне беруді жоспарлап отыр деген сипаттағы жалған ақпаратты сала бастайды. Олар жер тақырыбын желеу етіп, билікке қарсы қою үшін азаматтардың патриоттық сезімін әдейі өз мүддесіне пайдаланған.

Айыптау актісінде бұған көптеген дәлелдер келтіріледі. Айтпақшы, Боқаев пен Аянның қылмыстық пиғылы 14 сәуірде жұртты арандатуға кірісуінен бірден байқалады. Атап айтқанда, 14 сәуірде Боқаев «Facebook»-тегі «Гражданская инициатива Атырау - Азаматтық бастамасы Атырау» тобында шеру өткізуге берген өтінішінің фотосуретін жариялайды, сол күні Аян фотосуретті өз парақшасында көшіріп басып, оған «Репост. Родина в опасности!» деген түсініктеме жазады. Олардың арам ниеті 18 сәуірде қала әкімі Н. Ожаевпен (оған Аян ғана барған) кездесуде де әшкереленген. Билік өкілдері Т. Аянға шеруді Исатай-Махамбет алаңынан басқа жерде өткізуге, өз талаптарын хат түрінде әкімдікке тапсыруға ұсыныс жасағанда, ол бірден бас тартып, 24 сәуірде аталған алаңда шеру өткізетінін ашық айтады. Және сол күні «Facebook»-тегі «Гражданская инициатива Атырау - Азаматтық бастамасы Атырау» тобында әкімдіктегі кездесу туралы хабарлап, мынадай жалған ақпаратты қоса береді: «...мәлім болғандай, 1,7 млн. гектар жер жекеменшікке беріледі, оған қоса 1 млн. гектар жер шетелдіктерге 25 жылға жалға беріледі».

18 сәуірде Атырау қаласы әкімінің қаулысымен Исатай-Махамбет алаңында шеру өткізуге рұқсат берілмейді, ол туралы 19 сәуірде М. Боқаев пен Т. Аянға ресми хабарланады. Бірақ Т. Аян арам пиғылын жалғастыра отырып, сол күні кешке өзінің «iPhone 6» маркалы мобильдік телефонының көмегімен «WhatsApp» қосымшасы арқылы өзінің 20 танысына мынадай мәтіндегі хабарлама жолдайды: «Атыраучане! Митинг! Как вы знаете, правительство собралось с 1 июля отдать Китаю в аренду 1 млн гектаров сельскохозяйственной земли на 25 лет. Пришла пора собраться и потребовать отменить эти изменения в земельном кодексе! Иначе будет поздно, потеряем землю и станем рабами, а вам и вашим детям придется учить китайский язык! Не время отсиживаться дома! Неразрешенный митинг по требованию об отмене дачи Китаю родной земли состоится 24 апреля 2016 года, в 14-00 часов на площади батыров Махамбета и Исатая! Просьба пересылать дальше по ватсап, вк, Фейсбук». Осы хабарламаны ол 19 сәуірде скриншот түрінде «Гражданская инициатива Атырау - Азаматтық бастамасы Атырау» тобында және «Facebook»-тегі парақшасында жариялаған. Бұған қоса, белсенділер көпе-көрінеу жалған ақпаратты атыраулықтармен жүздескенде, телефонмен сөйлескенде таратып отырған. «Facebook»-тегі бейнематериалдарында және жарияланымдарында еліміздегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалға, билік өкілдерінің қызметіне (Президентке, депутаттарға, құқық қорғау органдарының өкілдеріне), қытай ұлтының өкілдеріне жағымсыз баға беріп, жұртты шеруге шығуға, елдегі билікті ауыстыруға бағытталған іс-қимылдар жасауға үгіттеген.

Осы жерде Айдос Садықовқа бір сауал қойғым келеді. Егер Макс пен Талғат шынайы ел мүддесінің қорғаушылары болса, неліктен шеруді басқа жерде өткізуге, өз талаптарын әкімдік арқылы жоғарғы билікке жеткізуге, жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмысына қатысуға келіспеді? Өйткені олар арам ақшаны пайдаға жаратты. Соның жолында адамзаттың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қарсы ауыр қылмыстар жасады. 7 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жарияланған өкініш хатында Т. Төлешов Т. Аянға 100 000 доллар жібергенін толық мойындаған жоқ па? Түптеп келгенде, «сыра королінің» сөзін растаған басқа куәгерлердің түсініктерін қайда қоямыз? Айтпақшы, айыптау қорытындысында осыған қатысы бар бірнеше куәгерлердің тізімі келтірілген. Шын мәнісінде Т. Аянның 100 000 долларды Т. Төлешовтен қалай алғанын олар сотта айтатын болар. Ал әлі сот басталмай және істің ақ-қарасы анықталмай тұрып, арандатушыларды ақтап алудың не қажеті бар? Осыны жақсылап ойланып көрейікші...