Қырғыз үкіметі аппаратының ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің хабарлауынша, «Қырғыз Президенті қызметінің кепілдіктері және Қырғыз экс-президентінің мәртебесі туралы» заңға сәйкес Қырғызстанның экс-президентіне қатысты заңнамада көзделген барлық нормалар сақталады.
Бұл Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Еске салсақ, Қырғыстан Премьер-министрі Садыр Жапаров өзін президент міндетін атқарушы ретінде жариялады.15 қазан күні Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елде қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайға байланысты ел халқына үндеу жасады.
Ол үндеуде отставкаға кету жөнінде шешім қабылдағанын айтты.