Сағадат Рахманқұлов 42 рет жеңіске жеткен мексикалықты нокаутқа жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексиканың Тихуана қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Сағадат Рахманқұловтың (5-1, 3 КО) қатысуымен жекпе-жек кеші өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Top Rank-тағы боксшымыз кәсіпқойрингте 42 рет жеңіске жеткен мексикалықты нокаутқа түсірді. Оның қарсыласы – 43жастағы тәжірибелі спортшы Косме Ривера (42-28-3, 29 КО). Жартылай ортасалмақтағы сегіз раундтық айқас бесінші раундта Рахманқұловтың жеңісіменаяқталды. Ол бесінші раундта Ривереге бірнеше ауыр соққы жасады. Бұдан кейінрефери жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, С.Рахманқұловпрофи-рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Оның төртеуін нокатупен аяқтаған.Ал Ривера үшін бұл - мансабындағы 29-ыншы жеңіліс.