Сағадиев ҰБТ-дағы қазақ тіліне қатысты өзгерістерді түсіндіріп берді
«Биылғы жылы 100% Қазақстанның мектеп бітірушілері қазақ тілін бірыңғай тест ретінде тапсыратын болады. Енді 12 жыл бойы ҰБТ-ға келген балалар қазақ тілін тапсырса да, оның нәтижесі есепке алынбаған. Профанация деген осы. Мектепте тапсырған балалар енді өзі билеттерін шығарып, қазақ тілін алып отырған ол да, біздің ойымызша, дұрыс емес. Өздеріңіз білесіздер, биыл ҰБТ екіге бөлінді. Қазақстанның 100 пайыз оқушысы мектептің емтиxандарын тапсырады. Сол қазақ тілі мектептерге тапсырылатын болады. Бірақ билеттер арқылы емес, бірыңғай тест ретінде 100% балаларымыз қазақ тілін тапсыратын болады», - деді министр.
Сонымен қатар Ерлан Сағадиев жоғары оқу орнына түсетін түлектер қазақ тілінен сынақты қашан тапсыратынын да атап өтті.
«Жоғары оқу орнына барған кезде қазақ тілінде мектеп бітірген балалар ҰБТ-ны қазақ тілінде алып отыр ғой. Биыл олардың үлесі - 80-85%. 15 пайызы бірыңғай тест ретінде қазақ тілін тапсыратын болады», - деп түйді сөзін ведомство басшысы.