Бұл шет мемлекеттердегі дауыс беруге құқы бар Қазақстан азаматарының 44,2 пайызын құрайды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік және бақылау департаментінің директоры Қайрат Саржанов мәлім етті.
Оның деректеріне қарағанда, Астана уақытымен сағат 17-00-де Жапония мен Корея Республикасындағы Қазақстан елшілігінде орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталады. Ал тағы 1 сағаттан кейін Қытай Халық Республикасы мен Малайзиядағы елшіліктерде дауыс беру тоқтайды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Сыртқы істер министрлігі ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында шет мемлекеттерден 14 мың азамат дауыс бергелі отырғандығын мәлімдеген болатын.