Кезекті айналымда француздық жарыс көлігі сағатына 370 шақырым жылдамдықпен жол қоршауына соғылып, аударылған сәтте жанып кетті.
Бурдэнің жамбас сүйектері және оң жақ санының сүйектері сынған. Таяу уақытта автошабандозға ота жасалмақшы. Спортшының тұрақты қалыпқа келу мерзімі әзірге беймәлім.
Indy 500 - Солтүстік Америкадағы ең әйгілі автожарыс. Ежелден келе жатқан бұл бәсеке түрі ағымдағы жылы 101-інші рет өткізіліп отыр.