Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Осылайша Сағындық елордадағы турнирдің алтын жүлдесін қанжығасына байлады.
2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия чемпионатының жартылай финалында Сағындық Тоғамбай Сюэчжэньге есе жіберіп, қола жүлдегер атанған еді. Арағы екі жыл салып отандасымыз қытайлық боксшыдан есе қайырды.
Еске салсақ, бұған дейін халықаралық Elorda Cup турнирінде финалдық жекпе-жектер өтетінін хабарлаған болатынбыз.