АСТАНА. KAZINFORM - Сағынғали Жантөре (65 келі) Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алды.
Қазақстандық спортшы финалда Максим Шудженкодан басым түсті.
Сондай-ақ, үшінші жарыс күнінде ел құрамасы қоржынына тағы екі қола түсті. Жасөспірім қыздар Алла Цой (47 келі) мен Аида Гожалимова (51 келі) үздік үштікті түйіндеді
Айта кетсек, бұған дейін Ромашкин Хамзаальпер (61 келі) әлем біріншілігінде топ жарған еді.
Дүбірлі додаға 80 елден 811 спортшы келді. Жарыс 14 мамырға дейін жалғасады.
Айта кетсек, ьаэквондодан Гран-придің финалдық кезеңі 2026 жылы Алматы қаласында өтеді.
Бұл шешім Бііріккен Араб әмірлігінің Фуджейра қаласында өткен әлемдік кеңестің отырысында қабылданды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.