«Бүгін Медеу ауданындамын. Мұнда инфрақұрылым дамыған. Дегенмен, тұрғындарды алаңдататын бірқатар мәселелер бар. Ауданда құрылыс қарқынды жүргенімен, балалар алаңдары жетіспейді»,-деп жазады Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында.
Қала басшысы аудан әкіміне коммуналдық желілердің жағдайына, апатты жағдайлар кезіндегі қауіпсіз аумақты тазалауға, сондай-ақ Думан, Аққайың ықшам аудандарындағы жолдар мен судың сапасына назар аударуды тапсырды.
«Көшелерді жөндегенде мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыруға барынша көңіл бөлу қажет. Ыңғайлы тротуарлар және қозғалыс бөлігінен өту үшін қауіпсіз жаяу жүргінші жолдары қажет»,-деді Алматы қаласының әкімі.
Бұдан бөлек, салынып бітпеген тұрғын үй үлескерлеріне, топырақ көшетін қауіпті аймақтардағы жеке үйлерге қатысты проблемалар жетерлік. Осы мәселелердің барлығын жіті тексеретіндігін айтты.