Соның бірі - «Алматы» ГТС-2-ден шығатын газ иісіне қатысты тұрғындардың шағымдары.
«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы сыйымдылықтарды одорантпен толтыру кезінде төгілетін газды тазалауға арналған қосымша сүзгілер орнатты. «ГТС-2 қуатын Алматы қаласынан тыс жерге шығару» жобасы аясында «ҚазТрансГаз» АҚ-мен «Қайрат» стансасында жалғастырушы газ құбырын салу мәселесі пысықталуда. Осылайша ГТС-2 газ тарату пунктіне ауыстырылады. Бұл ретте одоризация жүйесі қаладан тыс жерге шығарылады», делінген қала әкімінің Instagram-дағы парақшасында.
Келесі мәселе - Баум бағы абаттандыру.
«Бірегей саябақ аймағының экологиялық балансын бұзбайтын табиғи материалдарды пайдалану жөніндегі сарапшылардың пікірін ескеру қажет», -деді әкім.
Бақытжан Сағынтаев Үлкен Алматы каналын жөндеуге де тоқтала кетті.
«Арнада су жіберу үшін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші бойынша «Дорожник» ықшамауданындағы Есентай өзенінің бойында саябақ аймағын құру мүмкіндігін қарастырамыз», - деді әкім.