Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразия аймағы орталық цифрлық хабқа айналуы керектігін атап өтті.
«Алматы бұл міндетті жүзеге асыруға өз үлесін қосуы тиіс. Оның үстіне, өздеріңіз білесіздер, экономика саласы ретінде цифрландыруды дамыту – қала экономикасының құрылымын диверсификациялау жөніндегі бағыттың стратегиялық басымдығы», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Бүгінде Алматыда мемлекеттік қызметтердің 97,8% автоматтандырылған. 2025 жылға дейін барлық мемлекеттік қызметтерді смартфонмен электронды форматта ұсыну бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
«2025 жылға дейін Smart Almaty стратегиясы әзірленді, қаладағы барлық ІT-компаниялардың тізімі жасалды», - деді Алматы әкімі.
Алматыдағы IT-қауымдастықты қолдау және дамыту үшін қаланың барлық университеттері мен технологиялық компанияларын біріктіретін бірыңғай байланыс кеңістігі іске қосылды. Жыл соңына дейін «Француз мектебі 01 үлгісінде» 2 мың адамға арналған лицензиясы бар бағдарламалау мектебін ашу жоспарланған. Алғашқы кездесу келесі жылға жоспарланған.
Сондай-ақ, Алматының әр ауданында жеке инвестицияларды барынша тарта отырып, бағдарламалау, радиоэлектроника және ІТ-инкубаторлар мектептерін ашу көзделген.