АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының туристік әлеуеті мол. Бұл туралы бүгін Бақытжан Сағынтаев қала активінің отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала басшысы тау туризмімен шектеліп қалуға болмайтынын айтты.
Туристік кластерді дамыту кезінде қолда барды бағалауды ұсынды.
«Барлық істеп тұрған курорттардың инфрақұрылымын жақсартып, тамақтану, өмір сүру, комфорт деңгейін жоғарылату керек. Іскерлік, мәдени, спорт туризмі жағынан да Алматының мүмкіндігі зор. Барлық бағытта жұмыс жасаған жөн. Туристер бізге тек тауды көру үшін ғана емес Алматыны тану үшін келгені абзал», - деді Б.Сағынтаев.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.