Өткізілген кездесулер барысында тараптар цифрлық технологияларды енгізу және ортақ жобаларды іске асыру саласындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
14:26, 02 Ақпан 2018
Сағынтаев Армения Премьер-Министрі Карапетянмен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-Министрі Карен Карапетянмен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.