Сағынтаев Армения премьер-министрімен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-Министрі Карен Карапетянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында сауда-экономикалық қатынастар, атап айтқанда ынтымақтастықтың жаңа формаларын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Оның ішінде көрсетілетін қызметтер мен жаңа технологиялар сауда-саттығы бар.

Осы орайда, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-армяндық Үкіметаралық комиссияның нәтижелі жұмысы аталып өтті.

Сондай-ақ, транзиттік-логистикалық әлеуетті дамыту, халықаралық ұйымдар аясындағы және Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық үдерістерді нығайтудағы өзара әрекеттестік мәселелері сөз болды.