Астана әуежайының жолаушылар терминалын жөндеу «Нұрлы жол» бағдарламасын орындау аясында 2015 жылдың қаңтарынан бастап жүргізіліп жатыр. Жобада жалпы ауданы 47 000 ш.м. болатын терминал салу қарастырылған, оны аяқтаған соң әуежайдың өткізу қабілеті жылына 8,2 млн. астам жолаушыны құрайды.
1 маусымға қарай жаңа терминал бірінші рейстің жолаушыларын қабылдауға дайын болады деп күтілуде.