«Электрондық үкіметті» жетілдіру бойынша жұмысты тоқтатқан емеспіз. 2004 жылдан елімізде «электрондық үкіметті» енгізе бастадық. Ол үшін Эстониядан мамандарды шақырттық. Бұл ел кезінде Кеңес Одағы құрамында болғандықтан, бюрократиялық машина дәл біздегідей қалыптасқан еді. Осы орайда олардың бұл кедергіні қандай жолмен шешкендігін қарау керек болды»,-деп тоқталды Үкімет басшысы Астана экономикалық форумы аясындағы Инновациялық саммит барысында.
Сағынтаев бүгінде Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен тиісті холдингтер алдында осы салада қалыс келе жатқан тұстарды қарқынды түрде еңсеру мақсаты қойылғанын жеткізді. Ол үшін кезінде Egov.kz-ны іске қосуға көмектескен эстондық мамандар қайта шақыртылған көрінеді.
«Олар біздің ақпараттық жүйенің аудитіне кірісті. Олардың алдын ала бағалауы оңтайлы болды. Бір жағынан алып қарағанда, бұл есеп бізді қуантқанымен, алайда мүлде тыныштандырған жоқ. Себебі бұл оңтайлы қадамдар бүгінде азаматтарды қанағаттандырмай отыр. Біздің азаматтардың мақсатты сауаттылығы өсіп келеді, осы ретте адамдар жүйе арқылы көрсетілетін қызметтердің саны арта түскенін қалайды. Біз өз кезегімізде тұрғындардың қалауын іске асыруымыз керек»,-деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысы осыған байланысты «электрондық үкімет» тұжырымдамасы өзгергенін және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жаңа мазмұны таныстырылғанын еске салып өтті.
Премьер-Министр егер де Үкіметке қандай да бір құжаттар қажет болса, бұл бағытта азаматтарды қинаудың қажеті жоқ екенін, қандай да бір анықтаманы іздеткізіп, адамдарды ары-бері жүгіртуге жол берілмеу тиістігін атап өтті.
«Жалпы біз халықтың талаптарына жауап беруіміз керек»,-деп түйіндеді сөзін Сағынтаев.