Сағынтаев британдық компанияның өкілдерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ernst & Young британдық аудиторлық-консалтингтік компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz .

Кездесу барысында елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін дамыту және іске асыру мәселелері талқыланды.

Еске сала кетсек, EY - британдық аудиторлық-консалтингтік компаниясы, әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі (аудиторлық компаниялардың төрттігіне кіреді). 1989 жылы компанияның негізі қаланған және ол инвестициялық өсім мәселелері бойынша кеңес беруден мол тәжірибеге ие.