Кездесу барысында Қазақстан мен Финляндия арасындағы өңдеу өнеркәсібі саласындағы экономикалық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын кеңейту мәселелері талқыланды.
00:23, 03 Мамыр 2017
Сағынтаев Финляндияның ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы Финляндияның Төтенше және өкілетті елшісі Илкка Унто Калерво Райсаненмен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.