Кездесу барысында ICBC-мен ынтымақтастық туралы мәселелер, отандық, қытайлық және басқа да шетелдік клиенттерге жоғары сапалы банктік қызмет көрсету, шетел инвестицияларын тарту және Қазақстан экономикасын несиелендіру мәселелері талқыланды.
Айта кетерлігі, Industrial and Commercial Bank of China - Қытайдың мемлекеттік ірі банктерінің бірі. 1984 жылы құрылған.
Қазақстанда ICBC компаниясы 1993 жылы құрылған және Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы қытайдың еншілес банкі болып табылатын «Қытайдың Алматыдағы сауда-өнеркәсіптік банкі» акционерлік қоғамы түрінде қызмет көрсетеді.
ICBC әлемнің 45 елінде және өңірінде қызмет көрсетеді және ол The Forbes Global 2000 және The Banker's Top 1000 World Banks таңдауы бойынша 2013-2017 жж. - бес жыл аралығында әлемде №1 ретінде мойындалған ең ірі банк тобы. ICBC тобының клиенттер базасында 6 млн-нан астам корпоративтік клиенттер және әлем бойынша 530 млн-нан астам жекелеген клиенттер бар.
Сондай-ақ, банк қытай даму институттарының- «Мемлекеттік Қытайды дамыту банкі» және «Қытайдың экспорттық-импорттық банкінің» қатысуымен Қазақстанда жүзеге асырылатын жобалар бойынша банк-операторы саналады.