Сағынтаев ИКАО Бас хатшысымен әуежай инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады
15:39, 03 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы доктор Фан Люмен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz .
Кездесу барысында әуежай инфрақұрылымын дамыту және ұшу қауіпсіздігімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру мәселелері талқыланды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген бастамаларды іске асыруға ерекше көңіл бөлінді.
Айта кетерлігі, ИКАО-ның басты мақсаты - мемлекеттерге азаматтық авиация саласындағы ережелер, стандарттар, рәсімдердің біркелкілігіне қол жеткізу үшін көмек көрсету. Халықаралық ұйым БҰҰ-ның осы салаға мамандандырылған мекемесі.