Кеңес барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, «ARTA Software» ЖШС өкілі Б. Башеев, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА инновациялық компаниялар қауымдастығының президенті А. Қонысбаев, «Элтекс Алатау» ЖШС директоры Н. Жәнібеков, Қазақстандық интернет бизнес қауымдастығының президенті К. Горожанкин, «Open IT» компаниясының басшысы В. Ким, «Бірінші несиелік бюро» бас директоры Р. Омаров, «Flip.kz» интернет-дүкенінің негізін қалаушы А. Соколов, ІТ-менеджерлер қоғамдастығының басқарма төрағасы А. Бишигаев және тағы басқалар сөз сөйледі.
23:58, 31 Мамыр 2017
Сағынтаев ІТ-компаниялардың өкілдерімен «Цифрлық Қазақстан» жобасын талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен отандық жетекші ІТ-компаниялардың өкілдерінің қатысуымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасының мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.