«17 ақпан күні Жамбыл облысында қайғылы оқиғадан 7 әскери қызметші қаза тауып, 8 адам жарақат алды. Үкімет атынан қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына көңіл айтамын. Оқиға орнына Елбасының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы барып қайтты», - деді Үкімет отырысын ашқан Бақытжан Сағынтаев.
Еске сала кетейік, ақпанның 17-сі күні Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Көксай шатқалында болған қар көшкіні кезінде әскери дайыдықтарын жүргізген әскерилер қаза тапты. 16 адам құтқарылса, 7 сарбаз қайтыс болды.
Ресми мәліметке сәйкес, қайтыс болған сарбаздардың отбасыларына 5 жылдық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.