Кездесу барысында Швейцариямен энергетика, фармацевтика, білім беру, көлік және қаржы салаларында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Премьер-Министр Швейцарияның елеулі транзиттік-логистикалық әлеуетін атап өтті. Швейцария Қазақстанмен сауда айналымының көлемі бойынша Еуропа елдері арасында 4-орында (Италия, Нидерланды және Франция елдерінен кейін).
Айта кетерлігі, Швейцария мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 1 маусымда орнаған.
2018 жылы қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы экспорт - $531,2 млн, импорт - $31,7 млн болды. Швейцариядан Қазақстанға жалпы инвестициялар ағымы 2005-2017 жж. аралығында $20 597,3 млн құрады.