Кездесу барысында екі елдің бизнес-құрылымдары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және Қазақстанда жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
04:00, 08 Желтоқсан 2017
Сағынтаев қазақстандық және түркиялық кәсіпкерлермен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қауымдастықтың басқарма кеңесінің төрағасы, Eksen Group компаниясының иесі Фырат Девелиоғлының басшылық етуімен Түрік және қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.