Сағынтаев Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығының (ҚЕБҚ) өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында Қазақстандағы инвестиция және салық ахуалын жақсарту, сонымен қатар аграрлық азық-түлік индустриясын дамыту мәселелері талқыланды.