Кездесулер барысында Қазақстанда Солтүстік Каспий (Қашаған), Қарашығанақ және Каспий құбыр желісі консорциумы бойынша бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ жасыл энергетиканы дамыту саласында өзара іс-қимыл жасасу мәселелері талқыланды.
Бұдан өзге, тауар айналымын ұлғайту, сауда ынтымақтастығын, Еуразиялық кеңістіктің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру, өңіраралық және шекара бойындағы өзара іс-қимылды кеңейту, ғылым және мәдениет салаларындағы екіжақты қарым-қатынас мәселелері қаралды.