Тараптар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Төрағасы Си Цзиньпиннің қазақстандық «Нұрлы жол» Ұлттық экономикалық бағдарламасы мен «Жібек жолының Экономикалық белдеуі» қытайлық бастамасын түйіндестіру бойынша тапсырмаларын іске асыру мәселелерін талқылады.
Экономика, энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік-логистика саласының және коммуникациялардың түрлі сфераларындағы екіжақты қарым-қатынастардың ағымдағы жағдайы және мүмкіндіктері қарастырылды.
Кездесу аясында Қостанай қаласындағы JAC автокөлік құрастыру зауытымен телекөпір өтті, онда алғаш бірлесіп шығарған JAC S5 автомобилі таныстырылды.
21:17, 03 Қараша 2016
Сағынтаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Кэцянмен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Кэцянмен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz. .