«Алматыға ҚХР-дан келген дәрігерлер делегациясымен коронавируспен күрес бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқыладық. Соның ішінде жаппай тестілеу, қауіпті індеттің алдын алу, емдеу және науқастарды оңалту, медицина қызметкерлерін даярлау әрі оқыту жағы пысықталды», – деп жазады әкім Twitter -дегі парақшасында.
19:27, 22 Сәуір 2020
Сағынтаев Қытай дәрігерлерімен онлайн кездесу өткізді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қытайдан келген дәрігерлер делегациясымен коронавирус инфекциясына қарсы күресу жөніндегі тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.