Кездесу барысында машина жасау саласында, сонымен қатар көлік-логистикалық орталықтардың құрылысы мен оларды дамыту саласында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.
SANY Group-тің негізі 1989 жылы қаланған және ол ҚХР-дің алғашқы жекеменшік машина жасау компанияларының бірі болып табылады. Негізгі қызметі - құрылыстық және арнайы техникаларды әзірлеу, өндіру және сату. Қытайдағы ірі машина жасау компаниясы және әлемдік рейтингте бесінші орында.